Created: 13 Ақпан 2020
227

Жатақхана тынысы

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасының үшінші бастамасында:Жоғарғы білім алудың қолжетімділілігі  мен сапасын арттырып студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» Бұл жастарға мемлекет қамқолығының айқын көрінісі.

Жатақхана 4-қабаттан тұрады. 200 балаға арналған. Қазіргі таңда 80 студент жатады. Студенттерге тегін, қолайлы  және  24 тәулік  бойы жатақхананың  ішкі-сыртқы  ауласы  бейне бақылауда. Бірінші қабатында дене шынықтыру бөлмесі, тенис бөлмесі, оқу залы, медициналық  бөлмелелермен  қамтамасыз етілген. Сонымен қатар әр қабатта жуынатын  бөлмелер бар. Студенттердің жуынуына қолайлы себезгі бөлмемен кір жуатын автомат машиналар бар.

Студенттердің қауіпсіздігі үшін  ішкі тәртіп ережесі бекітілген.

Техникалық қауіпсіздік бойынша ақыл-кеңес беріліп, «Техникалық қауіпсіздік журналы» толтырылып отырады. Қабатта өрт сөндіру құрылғылары, қабырға ақпараттары мен эвакуация жоспарлары бар.

Жатақхана тұрғындарына қызмет көрсету деңгейі барлық талаптарға сай. Колледж білім алушылары  жарық әрі жылы бөлмелерде тұрады. Оқытушылар, тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог білім алушылармен үнемі  әңгімелесу арқылы жеке кеңестер  береді.

Студенттер мереке күндеріне,туылған күн кештеріне  байланысты іс-шаралар өткізеді,сонымен қатар жатақхана тәрбиешісі жылдық тәрбие жоспарына сәйкес тәрбие бағыттары бойынша іс-шараларды жүргізіп отырады.  

Жатақханадағы тәрбие жұмысының мақсаты;студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мен қатар елі мен жеріне,Отанға,оқу орынына,мамандығына деген құрмет қалыптастыру.Еңбек сүйгіштікке,салауатты өмір салтын ұстауға баулу. Жатақханада тұратын студенттердің  әлеуметтік-тұрмысын жақсарту үшін, олардың толыққанды оқып, демалуы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауы үшін бар жағдай жасалған. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір сүру, рухани құндылықтарды, жалпы адами нормаларын қалыптастыру бойынша тәрбие беріледі.

Жатақханада өзін-өзі басқару ұйымы – студенттік кеңес жұмыс істейді. Олар жатақхана меңгерушісі, тәрбиешілер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасымен бірге бөлмелердің санитарлық жағдайы, мәдени демалысты ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

Жатақхана жұмысы – тәрбие жұмысының ең жауапты бөлігі. Белгілі бір тәртіпті қалыптастыру, ережеге бағыну, құндылықтарды анықтап, сақтай білу, көпшілікке үйрену, жатақханада тұратын студенттерді тәрбиелеудегі басты бағыттар.

Студенттердің бос уақыттарын тиімді пайланануға қолайлы жағдайлар жасалған.Атап айтқанда футбол,тенис,шахмат т.б ойындарды  ойнап жатады, кітапханаға барып білімдерін жетілдіріп әртүрлі әдеби кітәпттар,газет-жұрналдар оқып еліміздегі болып жатқан жаңалықтармен ой бөлісіп жатады.                                                                                                                

Колледж әкімшілігі мен жатақхана қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру жұмыстарын үнемі өткізіп тұрады. «Жатақхана туралы ереже» бойынша ең бірінші жетімдерге, ата-анасының қамқорынсыз қалған білім алушыларға, мүгедектерге, көп балалы отбасынан шыққан  және аз қамтылған білім алушыларға орын беріледі.

Біз жатақхананың қызметкерлері жатақханамыздың көркеюіне үлкен үлес қосамыз.Болашақ жастардың қолында демекші, жастарға жылыда жарық таза   жатын орынмен қамтамасыз етуге  Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжі әрқашанда қызмет көрсетуге дайын.

  

Жатақхана қызметкерлері Жатақхана қызметкерлері мен студенттері

 

Колледж мейірбикесі студенттердің денсаулығын бақылауда

 

 

Жатақхана студенттерінің бос уақытында шығармашылық жұмыстармен айналу сәттері

Спорт –денсаулық кепілі.Студенттер бос уақыттарында шашки,стол теннисін ойнау сәттері Студенттердің жатақханада сабаққа дайындығы.
Өнерлі өрге жүзер.Студентердің ұйымдастырған шараларынан көрініс.  
Жатақхана студенттерінің тұрмыс-тіршілігмен танысу сәті  
 
Жатақханада белсенді студенттерімен кезекті отырыс