Created: 03 Ақпан 2020
235

Студенттерге

 

Сабақ кестесі 06.04

 

Уақыт кестесі 2019

 

Сабақ кестесі 

 


Жатақхана ережелері

 

1.Жатақханаға бөгде адамдарға рұхсатсыз кіруге болмайды.

2.Әр білімгер жатақхана ережесін сақтауға тиісті

3.Тазалықты және жеке басының гигенасын сақтауға тиіс

4.Әр білімімгер өз бөлмесіндегі заттарға және жатақхана  мүліктеріне толық  жауапкершілікпен қарауға міндетті.

5.Электр қуатын үнемді пайдаланып техника қауіпсіздігін сақтауға тиісті.

6.Сындырған,қиратқан заттарды орнына қоюға тиісті

7.Білімгер рұқсатсыз кетіп қалуға болмайды,міндетті түрде куратордан, топ шеберінен сұранып өтініштерімен жазып кету керек.

8.Ауырып қалған жағдайда әр білімгер міндетті түрде ауырып тұрғанын айту керек.

9.Әр білімгер жолға шыққанда жол қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

10.Әр білімгердің жатақханаға киетін екінші аяқ киімі болу керек.

 

Жатақхана меңгерушісі: С.Айтжанова

 


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарыжаз кәсіптік –техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

 

БЕКІТЕМІН

Колледж директоры

С.С.Мүсірбаев_______

«_____»________2019 ж.

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

 

Сарыжаз ауылы , 2019 ж.

СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

1.1 Негізгі анықтамалар мен түсініктер

Студент – колледж  оқу орнының білім алушысы.

Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.

Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.

Миссия – жауапты  тапсырма, рөл, жүктеме.

 

1.2 Негізгі ережелер

Білім алу үшін өзіміз таңдаған Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжін құрметтей отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенеміз. Колледж оқу орны студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалы екендігін және ата-бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан көрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек екендігін түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз: 

  • оқуға - біздің негізгі міндетімізге - жауапкершілікпен қарау;
  • сапалы білім алуға ұмтылу, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;
  • ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес;
  • өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;
  • өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.

Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында студенттерге жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымен толық келісеміз:

  1. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес  білім алу;
  2. Келісім-шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;

3.Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;

  1. Колледждің барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледждің  басқару органдары арқылы, қатысуға;
  2. Колледждің кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;
  3. Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен семинарларға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
  4. Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
  5. Студенттік өзін -өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
  6. Колледж қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;
  7. Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
  8. Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын колледждің  мәртебесін арттыруға;
  9. Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, колледж оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға;
  10. Колледждің мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға;
  11. Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді (соның ішінде дөрекі сөйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;

1.3  Студенттердің міндеттері мен құқықтары

Студенттің міндеті:

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының толық көлемінде кәсіптік білім алуға, біліктілік пен практикалық дағдыларды игеруге, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай жүйелі түрде сабаққа қатысуға;
  2. Дәлелді себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда, колледжге өзі немесе туысқандары арқылы хабардар етуге;
  3. Науқастануға байланысты сабақтарға қатыспаған жағдайда колледжге  дәлелді себептерді растайтын анықтама құжаттарын тапсыруға;
  4. Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ішкі оқу тәртібі мен міндет талаптарын сақтай отырып («Білім туралы» Заңының 47-бап, 14 тармағы, 2007 жылғы 27 шілде №319-III-ҚРЗ ) оқу ісін реттеу тәртіптері мен тазалықты сақтауға. Техникалық. өртті сөндіру қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңнамасында тікелей немесе жанама түрде көрсетілген талаптарды орындауға;
  5. Колледждің іскерлігін және беделін құрметтеуге, колледж туралы жағымсыз ақпарат таратпауға;
  6. Кітапханадан алған әдебиеттерді уақытылы қайтаруға, егер уақытында қайтармаса, колледждің ішкі тәртіптік құжаттарына сәйкес өсім ақы төлеуге;
  7. Бір оқудан басқа оқуға ауысқысы немесе қайтадан оқуға қабылданғысы келсе, оқуға қабылданғандығы туралы бұйрық шыққан күннен жеті күн ішінде пән айырмашылықтарын өтеуге байланысты шығынды төлеуге;
  8. Колледждің қоғамдық өміріне, ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында колледждің ішкі құжаттарына көрсетілген талаптарды орындауға;

9.Колледждің мүліктерін ұқыпты сақтауға, оны тиімді пайдалануға, оқуға қолайлы жағдай жасауға белсенділік танытуға;

  1. Колледж мүлігіне толық немесе ішінара залал келтірсе мүліктің толық құнын төлеуге;
  2. Колледждің оқытушылары мен қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
  3. Әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;
  4. Отбасылық жағдайы, тұрған жері, телефоны өзгерсе, үш күн мерзім ішінде өзгерістер туралы хабардар етуге;
  5. Колледждің өкімдері мен бұйрықтарын, Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, осы шарттың талаптарын орындауға.

Студенттің құқықтары:

  1. Оқудың бір түрінен екіншісіне, бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға, сонымен қатар білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу түрінен мемлекеттік білім беру тапсырысы жолымен оқуға ауысуға;
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен басқада тиісті мемлекеттік ұйымдар белгілеген  тәртіп бойынша денсаулығына байланысты академиялық демалыс алуға;
  3. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында қаралса, әскер қатарына шақырылуын кейінге қалдыруға;