Created: 03 Ақпан 2020
240

Кітапхана

Алматы облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен болған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы "Отбасылық оқу" шарасы
Сарыжаз кәсіптік - техникалык колледжі Алматы облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен болған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы "Оқулық көрмесі" шарасы Алматы облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен болған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы "Кітап көрмесі" шарасы Алматы облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен болған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы "Оқырман көрмесі" шарасы

Анықтама

 

 

Тақырыбы: Кітап - тарих, шежіре!

Мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Өткізілуі жайлы: Бұдан 41 жыл бұрын, яғни 1972 жыл – ЮНЕСКО - ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, 1995 жылы 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада, т. б шетелдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Астанада «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілеттілік тірегі» атты халықаралық конгресс өткізілді. Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл.Сарыжаз ауылдық округі кітапханашысымен Кеңесбекқызы Жұлдыз, Сарыжаз ауылдық округі жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Саяқова Жадырамен бірлесіп 23-сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай кітапханалық іс-шара өтті. Іс-шараға Әнуар Назерке дайындаға көрмесі таныстырылды. Кеңесбекқызы Жұлдыздың дайынаған баяндамасы оқылды.

Қорытынды: қорытынды сөзі кітапханашы «Кітапхана - білімпаздар мекені. Студенттер кітапханаға келіп, кітап алып оқып, керекті тапсырмаларына дайындалады. Біздің кітапхана кішкене болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Кітапханаға жиі келіңіздер. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.

 

 

Кітапханашы:                                          Н.Е.Әнуар

  

«Кітап-тарих, шежіре!»

23 сәуір – дүниежүзілік кітап күніне орай көрмесі

 

 

Анықтама

 

 

Тақырыбы: Жанұя – тәрбие мектебі

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Колледж, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

            Өткізілуі жайлы: Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі — ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарлауы. Аталған бағыт бойынша жастар арасында кітапханалық сабақ ұйымдастырылып өткізілді.

Қорытынды: кітапханашы: «Жанұя — болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.» - деп сөзін аяқтады.

 

 

Кітапханашы:                                          Н.Е.Әнуар