Created: 23 Сәуiр 2019
338

Директор блогі

Мусирбаев Самат Сартаубайұлы

1981  жылы  9 тамызда  Алматы облысы, Райымбек  ауданы, Сарыжаз  ауылында  дүниеге келген. 1987  жылы  1  қыркүйекте  Сарыжаз орта  мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1998 жылы Сарыжаз орта мектебін бітірді.

 1998  жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Агрономия» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. Аталмыш жоғарғы оқу орнын 2003 жылы   «Агрономия» мамандығының «агрохимик-топырақтанушы» біліктілігі бойынша оқып бітірді.

2009 жылдың  қыркүйек айынан бастап, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2010 жылы аталған университетті  «Тарих» біліктілігі бойынша бітіріп шықты.

2003 жылдың 3-ші мамырынан №8 кәсіптік мектепке оқу шаруашылығына жұмыскер болып жұмысқа қабылданды. 2003-2004 оқу жылынан «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімі, 2010 жылдың 1 сәуірінен психолог, 2011 жылдың 12 мамырынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. 2014  жылдың қазан  айынан бастап директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. 2019 жылдың  мамыр айынан бастап Алматы облыстық білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің №20 бұйрығына сәйкес Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің директоры болып тағайындалды.

 

Марапаты:

 2010 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хаты

2014 жылы  Аудандық  «Қамқор – 2» кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы

 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының Алғыс хаты

2018 жылы ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің Құрмет грамотасы

2018 жылы «Тағылым» Республикалық Ғылыми–Әдістемелік, журналының Құрмет грамотасы

 2019 жылы «Қазақ білімі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының Алғыс хаты

2019 жылы Егемен еліміздің ішкі саяси тұрақтылығын сақтау жолында атқарған еселі еңбегі, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының сапалы орындалуы мен жүйелі жүзеге асырылуына қосқан сүбелі үлесі үшін Алғыс хаты

2019 жылы Еліміздің ішкі саяси тұрақтылығын сақтау жолында атқарған еселі еңбегі, «Nur Otan» партиясының алға қойған мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты

2019 жылы ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан  Маслихаттарына 25 жыл» медалі, осы жылы  «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығының «ZAMANAUI  USTAZ» төсбелгісімен.

                        2019 жылы Алматы облысының әлеуметтік- экономикалық дамуына және жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесімен азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру жолындағы абройлы еңбегі үшін, Қазақстан республикасы Мәслихаттарына 25 жыл толуына орай Алматы облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Пікір қалдыру