Created: 17 Мамыр 2022
31

"Ашық есік" күні өткізілді

Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде Балалар жылына байланысты Райымбек және Кеген аудандарына қарасты мектеп оқушыларына "Ашық есік" күні өткізілді. Іс – шарада оқушыларға колледжде қандай мамандықтар бойынша қабылдау жүргізілетіні және бағыттары туралы ақпараттық материалдар берілді. Кездесуге қатысушылардың қойған сауалдарына қабылдау тәртібі бойынша түсіндіріліп, колледж туралы толық ақпаратпен таныстырылды. Сөз сөйлеген кезде таныстыру рәсімі, бейнеролик көрсетіліп, сазбен сүйемелденіп отырды. Кейін мектеп түлектеріне экскурсия ұйымдастырып, оқу кабинеттерін, оқу шеберханасын, зертханаларды, кітапхананы және жатақханана көрсетілді.